«Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Спорттық нысандардың қолжетімді болуы туралы»

19.06.2019

Қазақстан Республикасы Президентінің «Спорттық нысандардың қолжетімді болуы туралы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде шаңғы және биатлон кешені "Алатау қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің"РМҚК басшысы Ардақ Болатұлы Тулендиннiң басшылығымен және ұжымының көмегімен Алматы облысы, Талғар ауданындағы мектеп оқушыларына арнайы "Ашық есiк күні" ұйымдастырылды. Бүгiн яғни 14 маусым күнi бiзге әр түрлі жастағы 150-ге жуық оқушылар келдi. 
Балалар спорт мектебі тынысымен танысып, сонымен қатар, "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымымен ұйымдастырылған спорт ойындары (волейбол, баскетбол, футбол, шағын футбол, пионер бол, дартс, үстел теннисі, допты эстафета, бадминтон) және әсем ән мен өлең оқып, асфальтқа бормен сурет салып ерекше күндерін өткiздi.