«Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі

"Алатау" ҚСТ бойынша РЖСШМ РМКҚ қайырымдылық іс-шарасы"

16.04.2019

2019 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Алатау »қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі» РМҚК мекемесінде  «Нұр»Талғар отбасылық қайырымдылық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Наурыз мерекесіне арналған жаңа форматта мерекелік іс-шара болып өтті.

ҚСТБРЖСШМ (РШВСМ) «Алатау»  қызметкерлері балаларға жайлы жағдай жасау және нағыз мереке ұйымдастыруға барлық күш-жігерін жұмсады. Бақытымызға орай, ауа-райы бізге кедергі келтірмеді және жаңбырлы аптада шуақты күн мен жылы ауа-райын ұсынды.
Түрлі байқаулар, ойындар, мерекелік түскі ас, тіпті ашық аспандағы билер ұйымдастырылды.  Күні бойы көңілді әуен ойнады, балаларға арналған мультфильмдер жарықдиодты экрандарда таратылды, ал балалар күлкісі осы дүйсенбінің қайталанбас сезіміне айналды.
Футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, тіпті күрес ойындарына барлық бала атсалысып бір балада шетте қалмады.
Қазақстан жастарына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ерте жастан спортпен шұғылдану үшін бүлдіршіндерге спорттық жабдық түрінде бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кәсіпорынның қызметкерлерінен басқа, спортшылар мерекені ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысты. Қысқы спорт түрлерінің мақтанышы - Жумаханова Ажар (мәнерлеп сырғанау), Мезенцев Федор, Мұхамедиев Анвар, Чадова Валерия, Морозова Надежда (Коньки тебу спорты).
Әрине, Нұр балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында болашақта жаңа чемпиондар мен үлгі болар азаматтар мен азаматшалар ержетерлеріне сенімдіміз.