«Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі

Бос орын


Хабарландыру

 

              Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ««Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны келесі бос орындарға  азаматтық  қызметшілерді жұмысқа орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарлайды:

 

            Референт. Біліктілік талаптары: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе  техникалық және мамандандырылған (арнайы орташа, орташа мамандандырылған) білімі және екі жылдан кем емес жұмыс өтілі, іс қағаздарын жүргізу, мұрағат ісі саласындағы маман, компьютермен және оргтехникамен (компьютер, факс, көшірме жасаушы, принтер және басқалар) жұмыс істей білуі керек, жалпы әлеуметтік психология, этика және эстетика негіздерін білуі керек .

            Еңбекке ақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.                 

Конкурсқа белгілі бір бос орынға қатысуға ниет білдірген тұлға,

хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзіміне сәйкес, өз бетімен немесе пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қажет  құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім (кез келген нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) толтырылған кадр есебі жөніндегі  жеке қағазы (тұрғылықты мекен жай мен байланыс телефондары көрсетілуі шарт);

            4) лауазымға қажетті біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері, 
            5) еңбек өтілімін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттары нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық  жағдайы туралы анықтама;

            7) қылмыстық жазаланатын әрекет туралы ақпараттың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

    
Аталған  құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

 

Білімі, еңбек өтілі және кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттар (резюме, біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмесі, ғылыми дәрежелер мен атақтары туралы құжаттардың көшірмесі, ғылыми мақалалары,  бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды)  ұсыну құпталынады.

 

Конкурсқа қатысушылар  құжаттарын электронды түрде (сканерленген көшірмелерін)  rshvsm_zvs@mail.ru электронды мекен жайларына «Конкурсқа қатысу үшін» белгісін қойып жібере алады.

 

 

Құжаттарды қабылдау   2020 жылдың 11 ақпан  айында сағат 09:00 – ден басталады.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 25 ақпан айында сағат 18:00 де аяқталады.

Біздің мекен жайымыз: Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі, Береке ауылы, Алматы көшесі 180 ғимарат (Солдат шатқалы)

тел/факс: 8 (727) 305-58-00

E-mail: rshvsm_zvs@mail.ru

Сайт: wintersportalatau.kz